Елімізде қоғамдық көлік жүйесін одан әрі дамыту, халыққа көрсетілетін көлік
қызметтерінің сапасын арттыру және жолаушылар үшін заманауи әрі қолайлы жағдай
жасау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының бастамаларымен
басқа салалар сияқты метрополитен жүйесін дамытуға да ерекше көңіл бөлініп,
оның материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен нығайтылып келеді.
Жолаушылардың сұраныстары мен ұсыныстарын ескере отырып, Ташкент
метрополитеніне тағы 3 заманауи төрт вагонды пойыз құрамы жеткізілді.
Бұл пойыздар жаз мезгілінде тиімді салқындату, ал қыс кезінде жылыту жүйесімен
жабдықталғандықтан, жолаушыларға барынша жайлы әрі қолайлы сапар жасауға
мүмкіндік береді.
Жаңа пойыз құрамдарын пайдалануға беру пойыздардың жүру аралығын
қысқартуға, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және пайдалану
мерзімі ұзақ ескі пойыздарды кезең-кезеңімен жаңа заманауи құрамдармен
алмастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, заманауи пойыздар санының артуы метрополитеннің жолаушы
тасымалдау мүмкіндігін кеңейтіп, қозғалыс кестесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге және күн сайын артып келе жатқан жолаушылар ағынына сапалы қызмет
көрсетуге маңызды үлес қосады.
Ақпарат үшін, биылғы жылдың соңына
дейін Ташкент метрополитеніне тағы 11 заманауи пойыз құрамын жеткізу
жоспарланған. Бұл пойыздарды кезең-кезеңімен пайдалануға енгізу
метрополитен инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және тұрғындарға қолайлы көлік
қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.