Бұл туралы Президенттің «Ташкент халықаралық қаржы орталығын құру туралы» жарлығында белгіленді.

Жарлыққа орай, Орталық аумағында төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат беріледі:

қаржылық, инвестициялық және банк қызметі;

сақтандыру, цифрлық (крипто) активтер;

бағалы қағаздар;

төлем жүйелері мен қызметтері;

исламдық және жасыл қаржы;

қаржылық технологияларға байланысты қызметтер көрсету және транзакцияларды жүзеге асыру;

аудиторлық, консалтинг және заңгерлік қызметтер көрсету.

Орталық аумағында конституциялық заңмен белгіленетін арнайы құқықтық режим енгізіледі.

Орталықтың басқару органдарына азаматтық, корпоративтік, коммерциялық, қаржы, банк, салық, мемлекеттік сатып алу, еңбек құқығы және жеке деректерді қорғау саласын реттейтін, Орталық аумағында қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттарды қабылдау құқығы беріледі.

Орталық аумағында Англия және Уэльс жалпы құқығы мен әділет қағидаттары тікелей қолданылады.

Ташкент халықаралық коммерциялық соты бірінші инстанция және апелляциялық соттан тұрады.

Начало формы