Экономика және қаржы министрлігінің мәліметінше, «Ескі Жуа» диқан базарында сиыр етінің бір килограмы 75 мыңнан 109 мың сумға дейін, ал қой етінің бағасы 90 мыңнан 115 мың сумға дейін жеткен.


«Қойлық» көтерме диқан базарындағы кейбір өнімдердің бағасы төмендегідей қалыптасқан:

Картоп — 3 000–6 500 сум;

Пияз — 3 500–5 000 сум;

Сәбіз — 3 000–3 300 сум;

Қырыққабат — 2 200–3 500 сум;

Қызанақ — 6 000–23 000 сум;

Қияр — 10 000–22 000 сум;

Болгар бұрышы — 10 000–25 000 сум;

Алма — 5 000–25 000 сум;

Банан — 13 000–18 000 сум;

Мандарин — 10 000–25 000 сум;

Апельсин — 10 000–20 000 сум;

Жүзім — 10 000–50 000 сум;

Алмұрт — 13 000–30 000 сум;

Лимон — 12 000–20 000 сум.

Сондай-ақ, бір килограмм күріштің (лазер сұрпы) көтерме бағасы 13–18 мың сумды, маш бұршағы 15–19 мың сумды, ноқат 15–25 мың сумды, ал қызыл үрме бұршақ 15–18 мың сумды құраған.

Айта кетейік, «Қойлық» диқан базары мен «Food City» сауда кешенінде жеміс-жидек, көкөніс және бақша өнімдерінің бағасына қатысты мәліметтер таңғы сағат 05:00-ден 07:00-ге дейін келіп түседі. Ал  «Чорсу» диқан базарында ет бағасы туралы ақпарат кешкі сағат 22:00-ден түнгі 02:00-ге дейін тіркеледі.

Ескерту: көрсетілген бағалар көтерме сауда бағалары болып табылады және бөлшек сауда бағаларынан өзгеше болуы мүмкін.