Гроссмейстер Даниэль Народицкийдің құрметіне арналған жарыстың рапид бағытында Синдаров 7 партиядан 6 ұпай жинады. Тай-брейкте Үндістан өкілі Аравинд Читамбарамды жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.

Ол блиц бәсекесінде де сәтті өнер көрсетіп, 9 партияда 7,5 ұпай жинап, турнир жеңімпазы болды.

Осылайша, Жавохир Синдаров Даниэль Народицкийдің құрметіне ұйымдастырылған турнирдің екі бағытында да чемпион атанды.

Шахматшы екі бағыттағы жеңісі үшін жалпы көлемі 9 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы алды. Оның ішінде блиц турниріндегі чемпиондығы үшін 6 мың АҚШ доллары табысталды.

Еске сала кетейік, 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының басталуына 74 күн қалды.