Ерлер арасындағы кездесулерде Өзбекстан-1 құрамасы Ямайканы 4:0
есебімен жеңді. Команда сапында Нодирбек Абдусатторов, Нодирбек Якуббоев,
Шамсиддин Вохидов және Мухиддин Мадаминов шахмат тақтасына отырды. Ал Жавохир Синдоров алғашқы турда демалды.
Өзбекстан-2 құрамасы Ауғанстанды 3:1 есебімен жеңсе, Өзбекстан-3
Мали құрамасын 3,5:0,5 есебімен ұтты.
Әйелдер арасында да үш құрамамыздың барлығы алғашқы турды жеңіспен аяқтады.
Өзбекстан-1
Тринидад пен Тобагоды 4:0, Өзбекстан-2 Тогоны 3:1, ал Өзбекстан-3
Танзанияны 4:0 есебімен жеңді.
Сол күні негізгі
фавориттердің бірі АҚШ Иракты 3,5:0,5, Үндістан Таиландты 3:1, ал
Қытай Уганданы 4:0 есебімен жеңді.
Бірінші турдағы күтпеген нәтижелердің бірі — Үндістан құрамасының жетекшісі
Аржун Эригайсидің жеңілісі болды. Ол өзінен рейтинг көрсеткіші шамамен 400
ұпайға төмен таиландтық халықаралық мастерден жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Өзбекстан жарысты қабылдап отырған ел болғандықтан, ережеге
сәйкес ерлер және әйелдер арасындағы жарыстарға үш құрамадан қатысып отыр.
2-турдағы сайыстар
Ерлер:
- Өзбекстан-1 — Перу
- Германия — Өзбекстан-3
- Алжир — Өзбекстан-2
Әйелдер:
- Эквадор — Өзбекстан-1
- Өзбекстан-3 — Испания
- Иордания — Өзбекстан-2