Ұлттық егемендік пен мемлекеттік тәуелсіздік – әрбір елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуының ең негізгі шарты мен кепілі. Бұл шешуші факторлар мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуына, халықтың бейбіт әрі әл-ауқатты өмірін қамтамасыз етуге, оның барлық мүдделерін қорғауға қызмет етеді.
Біздің ұлттық тәуелсіздігіміз – батыл әрі табанды халқымыздың берік ерік-жігерінің, тәуелсіздік жолында күрескен жанқияр ата-бабаларымыз арман-үміттерінің жүзеге асуы болып табылады. Ол Жаңа Өзбекстанды құруға бағытталған игі істеріміздің берік негізі, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізуге тиіс ұлы әрі қасиетті құндылық.
Еліміздің ұлттық егемендігі мен мемлекеттік тәуелсіздік идеяларының саяси-құқықтық кепілдіктерін қамтыған жаңа редакциядағы Конституциямыз және “Өзбекстан – 2030” стратегиясы негізіндегі даму жолымыз адам қадір-қасиетін арттыруға, көпұлтты қоғамымызда достық пен ынтымақ ортасын нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтау, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қорғаныс қабілетін күшейтуге, аймақта тату көршілік қатынастарды дамытуға және Отанымыздың халықаралық беделін арттыруға берік негіз болып келеді.
Ұлттық тәуелсіздігіміздің мемлекет тарихы, қазіргі және болашақ өміріміз үшін ерекше маңызын ескере отырып, Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығын Жаңа Өзбекстанның бүгінгі зор әлеуеті мен халықаралық беделіне сай жоғары деңгейде атап өту мақсатында қаулы етемін:
1.Төмендегілер:
а) “Біртұтас Отан, біртұтас халық болып, жаңа өмір мен болашақ құрамыз!” деген басты идеялық көркемдік консепция мен бағдарлама 1-және2- қосышаларға сәйкес;
б) Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтуге дайындық жасау және өткізу бойынша республикалық комиссия құрамы 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Республика комиссиясы (А. Арипов):
а) тәуелсіздіктің 35 жылдығын Қарақалпақстан Республикасында, Ташкент қаласында, ауылдарда сондай-ақ министпліктер мен кеңселер жүйесінде лайықты атап өту мақсатында консепцияның мазмұны мен негізгі бағыттарына сәйкес іс-шаралар бағдарламасын жасау және орындауды қамтамасыз ету.
Мұнда төмендегі басым бағыттарға ерекше назар аудару:
і) Жаңа Өзбекстандағы жүзеге асырылып жатқан реформалардың нәтижесінде пайда болған үлкен мүмкіндіктер мен жетістіктерді кеңінен жарыту;
(ii) еліміздің экономикасы тұрақты қарқынмен жедел дамып келе жатқандығының нәтижесінде азаматтарымыздың тұрмыс деңгейі артып келе жатқанын көрсету;
(iii) еліміздің тыныштығы мен шекаралардың мызғымастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін қорғаныс әлеуетін нығайту бағытындағы реформаларды жарыту;
(iv) тәуелсіздік арқасында ұлттық құндылықтарды, мемлекеттілікті, азаматтық қоғам институттарын, соның ішінде махалла жүйесін дамыту бойынша қол жеткізілген жетістіктер мен нәтижелердің маңызын атап өту;
(v) ардагерлердің, әйелдердің және әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтардың мүдделерін қамтамасыз етуге, жастардың «Жаңа Өзбекстанның жасампаздары» ретінде білім мен кәсіп игеруіне, кәсіпкерлік бастамалары мен таланттарын жүзеге асыруына қажетті жағдайлар жасалғанына назар аудару;
(vi) ұлтаралық достық пен дінаралық бауырмалдылық ортасын сақтау және нығайтуды барлық азаматтардың қасиетті борышы ретінде насихаттау;
(vii) мерекелік іс-шараларға барлық жастарды, әлеуметтік және этникалық топтарды, сондай-ақ отандастарды белсенді түрде тартуды қамтамасыз ету;
(б) ғылым, білім, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерінен, спортшылар мен қоғам өкілдерінен тұратын шығармашылық топтар құру және олардың қатысуымен сәуір – қыркүйек айлары аралығында республика бойынша кең ауқымды рухани-ағартушылық іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды қамтитын «Тәуелсіздік тойы» (фестивалі) іс-шараларын өткізу;
(в) Ташкент қаласында өтетін негізгі мерекелік іс-шараға дайындық барысында белгілі сценаристер мен режиссерлерді, ақындар мен жазушыларды, әншілер мен композиторларды, балетмейстерлерді, сахна суретшілерін, дарынды жас орындаушыларды тарту;
(г) тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында еліміздегі ірі өнеркәсіп, мәдениет, білім және спорт мекемелерінің салтанатты ашылу рәсімдерін жоғары деңгейде ұйымдастыру шараларын қарастырсын.
3. Белгіленсін, Мәдениет министрлігі Ташкент қаласында өтетін негізгі мерекелік іс-шараға дайындық жүргізу және оны өткізу бойынша жауапты ұйым болып саналады.
4. Көркемөнер академиясы, Мәдениет министрлігі, Жазушылар одағы, Республика «Руханият және ағарту» орталығы 2026 жылғы 1 маусымға дейін ұлттық тәуелсіздік пен егемендік идеяларын, Жаңа Өзбекстан жасампаздарының бейнесін көрсететін «Отан жанкүйерлері» рәміздік монументінің эскиз жобасын әзірлеп, Министрлер Кабинетіне ұсынсын.
Бұл монумент Қарақалпақстан Республикасында, облыстарда, аудандар мен қалаларда 2026–2030 жылдары құрылып жатқан жалпыұлттық бірлік саябақтарының орталық бөлігіне орнатылатыны ескерілсін.
5. Республика «Руханият және ағарту» орталығы Жаңа Өзбекстан дамуы зерттеулері институтымен, «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысымен, «Даму стратегиясы» орталығымен бірлесіп, 2026 жылғы 1 тамызға дейін әр салада жүзеге асырылып жатқан реформалар, олардың нәтижелері мен қол жеткізілген жетістіктерге арналған «Мустахиллик зафарномаси» арнайы кітап-альбомын дайындасын.
6. Жастар істері агенттігі, Республика «Руханият және ағарту» орталығы 2026 жылғы сәуір айынан бастап әлеуметтік желілерде #Mustaqillik35, #Uzb35 хэштегтері аясында үгіт-насихат акцияларын (флешмобтар, подкасттар, викториналар және басқалар) бастасын.
7. Кинематография агенттігі, Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы, Өзбекстан ұлттық медиа бірлестігі 2026 жылғы сәуір айынан бастап «Тәуелсіздіктің 35 жылдық шежіресі» айдарымен тәуелсіздігіміздің тарихи кезеңдерін, қол жеткізілген жетістіктер мен құрылыс жұмыстарын баяндайтын деректі фильмдер мен бағдарламалар дайындап, телеарналарда көрсетілуін қамтамасыз етсін.
8. Олий Мажлис Заң шығару палатасы мен Сенатының, Әділет министрлігінің және Заң шығару және құқықтық саясат институтының 2026 жылғы тамыз айында Ташкент қаласында «Тәуелсіз Өзбекстан – 35 жылдық даму жолы: реформалар, нәтижелер және болашақтар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы ұсынысына келісім берілсін.
9. Ұлтаралық қатынастар және шетелдегі отандастар мәселелері жөніндегі комитет «Ватандошлар» қоғамдық қорымен, Республика «Руханият және ағарту» орталығымен, Сыртқы істер министрлігімен, Жазушылар одағымен бірлесіп, 2026 жылғы тамыз–қыркүйек айларында шетелдегі отандастар мен өзбек диаспорасы өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіз Өзбекстан – менің мақтанышым, менің абыройым» ұранымен мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырсын.
10. Орталық банк 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Мустақилликнинг 35 йиллиги» естелік алтын теңгесін соғу шараларын қарастырсын.
11. Өзбекстан махаллалары қауымдастығы, Транспорт министрлігі 2026 жылғы 1 мамырға дейін тиісінше жаңадан құрылған махаллалардың біріне және теміржол станцияларының біріне «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» атауын беру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
12. Белгіленсін, өткізілетін мерекелік іс-шаралар:
(а) Қарақалпақстан Республикасында және облыстарда – тиісті жергілікті бюджеттердің қосымша көздері мен демеушілік қаражаттар есебінен;
(б) Ташкент қаласында – Республика комиссиясы бекіткен шығындар сметасына сәйкес Өзбекстан Республикасының республикалық бюджеті және Ташкент қаласының жергілікті бюджеті қаражаттары есебінен тең үлесте қаржыландырылады.
13. Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясына, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігіне, «Дунё» ақпарат агенттігіне еліміздің тәуелсіздігі, Жаңа Өзбекстанның даму жолы және халқымыздың бірлігі туралы материалдар топтамасын дайындап, тарату ұсынылсын.
14. Республика комиссиясы осы қаулының орындалуын бақылауды, ай сайын Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат беруді, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
15. Осы қаулының орындалуын бақылау міндеті Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі А.Н. Ариповқа жүктелсін.
Өзбекстан Республикасының Президенті
Ш. Мирзияев