Болашағы зор кадрларды даярлауға арналған «Ел-юрт умиди» қоры құрылады

    «Эл-юрт умиди» қоры Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Болашағы зор кадрларды даярлау бойынша “Эл-юрт умиди” қоры етіп қайта құрылды.

    Президенттің «Дарынды мамандардың шетелде білім алуын қолдап-қуаттау, олардың кәсіби шеберлігін дамыту және ынталандыруға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» жарлығы (ПҚ-77-санды, 05.05.2025 ж.) қабылданды.

    Жарлығына орай , “Эл-юрт умиди” қоры Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Болашағы зор кадрларды даярлау бойынша “Эл-юрт умиди” қоры етіп қайта құрылды.

    “Эл-юрт умиди” қорының негізгі міндеттері төмендегідей белгіленді:

    кәсіпқой, терең білімге ие, заман талабына сай пікірлейтін және отансүйгіштік рухта тәрбиеген кадрларға деген сұранысты зерделеу;

    кадидаттарды министрлік, кеңсе және экономикалық салалардың стратегиялық кәсiпорындарының қажеттiлiгiне сай түрде жағдай жасау және оларды қолдап-қуаттау бойынша ұсыныстар кіріту;

    стипендиаттардың Өзбекстанға қайтып келгеннен кейін жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау үшін тиісті жағдайлар жасау, ұсыныстар енгізу және оларға қолдау көрсету;

    мемлекетіміздің халықаралық аренадағы оң имиджін одан әрі арттыру үшін стипендиаттардың әлеуетін тиімді пайдалану.

    2025 жылғы 1 сентябрьден бастап:

    министрлік, кеңсе, экономикалық тармақтарының стратегиялық кәсіпорындары арасынан мақсатты тағылымдама жіберілетін кадидаттардың тізімі қалыптастырылады;

    тағылымдама ұйымдастырылатын шетелдік ұйымдар мен тағылымдама мерзімін тапсырысшылар, Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі және «Эл-юрт умиди» қоры тарапынан белгіленеді;

    мақсатты тағылымдамадан өтуге жіберілген мамандарға тағылымдамадан өтуге қажетті болған шет тілін меңгеру үшін министрлік, кеңсе және экономика салаларының стратегиялық кәсіпорындары тарапынан тиісті жағдайлар жасап беріледі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates