Қазіргі кезде тар және кең шеңбердегі әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық материалдардың барлығы ды заң талаптарына жауап бермейді.
Журналист кәсіби этикасынан, әдеп-ақылақ ережелерінен алшақ болған, бұқаралық ақпарат құралдары, тағы басқа да салаларға қатысты заңдарды орындамай, сөз бостандығын теріс және жаман ниетте пайдаланатын жағдайлары да бар.
Әсіресе, әлеуметтік желілерде адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жерге ұрып, жала жабу, балағат сөздер айтып шығуы, барған сайын көбейгені өкінішті.
Өзбекстан Журналистер бірлестігі Ақпарат қызметінің жазуынша, “Online muxbir” сияқты кейбір телеграм-каналдарда халқымыздың белгілі тұлғалары, мемлекет және қоғам өкілдері, шебер журналистер, беделді де белсенді БАҚ-тар туралы түрлі жала жабылған хабарламалар жариялануда. Бұл бойынша көптеген мысалдар келтіруге болады.
Айтылуынша, Өзбекстан Журналистер бірлестігі осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу және мұндай желілердің иелерін анықтау, атап айтқанда, “Online muxbir” телеграм-каналының негізін қалаушыларға қатысты заңды шара қолдану үшін канал тарапынан таралған заңға қайшы ақпараттарға тиісті тәртіппен жауап берілуін сұрап құқық-тәртіп кеңселеріне шағым түсірген.