1 январдан бастап, мүлк салығы Ташкентте 3 миллион сум, Нөкіс қаласы мен облыс орталықтарында 2 миллион сум болып белгіленді

    Ел назарында 16 Dekabr 2023 1943

    Олий Мажлис Заң шығару палатасының мәжілісінде « Салық және бюджет саясатының 2024 жылға арналған негізгі бағыттары қабылдануына байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

    Осы мәселе бойынша Экономика және қаржы министрінің орынбасары Ахадбек Хайдаров баяндама жасады:

    — Осы заң жобасымен Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін негізге ала отырып, оларға қолайлылық жасау мақсатында 2024 жылға арналған салық саясатында белгіленген негізгі салық ставкалары – қосылған құн салығы, пайда, жеке тұлғалардан алынатын табыс, заңды тұлғалардың мал-мүлкі, ауыл шаруашылығына арналған жер үшін жер салығы, әлеуметтік салық, айналымнан алынатын салықтар өзгеріссіз қалдырылды. Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша жеңілдіктер жасау мақсатында камералды салықтық тексеру кезінде кәсіпкерден құжаттарды талап етуге, оның ғимарат және аумақтарына кіруге немесе оны кеңсеге шақыруға тыйым салынады.

    Салық міндеттемесін талап ету мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды, ай сайынғы пайда салығы бойынша төлеуге міндетті болған кәсіпкерлер табысының шекті мөлшері 5 миллиард сумдан 10 миллиард сумға дейін асырылуда.

    Заң жобасы салық салу базасын кеңейтуді, тиімсіз салық жеңілдіктерін жоюды, инфляция деңгейіне қарай акциз бен ресурстық салықты индекстеуді көздейді. Атап айтқанда, 2024 жылдың 1 январынан бастап Өзбекстанда қызмет көрсететін шетелдік жеке тәртіптегі кәсіпкерлерге қосымша құн салығы салынады және заңды тұлғалардың мүлік салығы базасын анықтау кезінде 1 шаршы метрдің ең төменгі құнын белгілеу тәртібін жеке тұлғалардың тұрғын емес объектілері үшін де қолданылуы енгізіледі.

    2024 жылдың 1 апрелінен бастап құрамында шекер немесе басқа тәттілендіргіштер немесе хош иістендіргіш қосыша заттары болған минералды және газдалған сусындарға литріне 500 сум және энергетикалық және тетіктендіруші сусындарға литріне 2000 сум акциз салығы енгізіледі. 2024 жылдың 1 январынан бастап фильтрленген және фильтрсіз темекі және басқа да темекі өнімдерін өндіру бойынша 12%-ға индексация жасалады.

    2024 жылдың 1 январынан бастап мал-мүлік салығының негізгі ставкасы, яғни 1,5 пайыз сақталып, салық базасын есептеуде 1квадрат үшін орнатылған минималды құн Ташкент қаласында 3 миллион сумды, Нөкіс қаласы мен облыс орталықтарында 2 миллион сумды, басқа қалалар мен ауылдар үшін 1,2 миллион сум деп белгіленуде.

    Сондай-ақ, заң жобасымен ресурстық салықтардың уақтылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында салық төлеушінің жеке кабинеті, ұялы телефон нөміріне және салық органдарының арнайы мобильді қосымшасына SMS хабарлама түрінде салық төлеу туралы хабарлама жіберу тәртібі енгізілген. Ақпарат үшін айта кетейік, іс жүзінде хабарлама салық төлеушілерге тек қол қою арқылы немесе пошта арқылы жіберілетін еді.

    Талқылау барысында депутаттар заң жобасында көзделген кейбір мәселелер бойынша өз сұрақтары мен қарысылықтарын білдірді. Қызу пікірталас пен сұрақ-жауаптан кейін заң жобасын депутаттар мақұлданды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates