Бүгін, 18 декабрь күні күндіз Өзбекстан аумағында ауа райы аздап өзгереді, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа 8-13 градусқа дейін жылы болады.
Ылғалды ауа республиканың солтүстік-батыс облыстарына ғана түседі деп күтілуде. Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысының кей жерлерінде аздап қар жауады.
Ертең, 19 декабрь күні Өзбекстанның барлық облыстарына ылғалды және салыстырмалы түрде суық ауа массасы таралады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұхара және Науаи облыстарында түнде және таңертең ғана жауын-шашын болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен Ферғана аңғары облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
20-22 декабрь күндері республика аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек сәрсенбіде, 20 декабрь күні республиканың кейбір тау бөктерінде және таулы аймақтарында қар түрінде жауын-шашын болады.
Республика бўйича баъзи жойларга туман тушади. 18-19 декабрь кунлари айрим жойларда шамол 15-20 м/с гача кучайиши мумкин.
22 декабрьден бастап ауа температурасы көтеріле бастайды, күндіз ауа 7-9 градусқа дейін жылынады. Алдағы демалыс күндері де ауа райының жылынуы жалғасады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. 18-19декабрь күндері кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Астанамызда: бүгін жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы 9-11 градус жылы болады.
Ертең, 19 декабрь өткінші жаңбыр жауады, қарға айналуы мүмкін. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғатын жел 12-15 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 3-5 градус жылы болады.
20-22 декабрь күндері жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы негізінен түнде 2 градус суық-1градус жылы, 20 декабрьде күндіз 3-5градус жылы, 21-22 декабрьде біртіндеп 7-9 градус-қа дейін көтеріледі.