Депутаттар Мемлекет бюджеті мен мемлекеттік мақсатты қорлары бюджеттерінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылуы туралы есепті қарады.
Есепті Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Ж.Қучқаров ұсынды.
Есепте, жалпы ішкі өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға, өнеркәсіп өнімдерін өндіру 6,6 пайызға, базардағы қызмет көрсету 13,3 пайызға, құрылыс жұмыстары 10,7 пайызға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру 4,0 пайызға өскені атап көрсетілді.
Негiзгi капиталға салынған инвестициялардың көлемi 273,4 триллион сумды құрап, өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен. Бұл өз кезегінде халықтың нақты табысын 9,5 пайызға арттырып, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде маңыздылыққа ие.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің сыртқы сауда айналымы 37,0 миллиард долларды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,1 пайызға өскен.
Есеп кезеңінде Мемлекеттік бюджет табыстары 103,4 пайызға орындалып, шығыстар бойынша жоспарлы көрсеткіштер 96,8 пайызды құраған.
Жиында атап өтілгендей, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекеттік бюджет табыстары 144,2 трлн сумды құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артқан, дерлік барлық салық түрлері бойынша белгіленген жоспардағы көрсеткіштер толық орындалған.
Мемлекет бюджетінің қаражаттары есеп беру кезеңінде 173,3 триллион сумды құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,0%-ға өскен.
Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік қаражаттар үшін Мемлекет бюджетінен 86,2 триллион сум немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,1 триллион сумға артық қаржы бөлінген. Бұл жалпы шығындардың 49,8 пайызын құрайды.
Кәсіпкерлерді қолдап-қуаттау мақсатында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қосылған құн салығынан кері айырмашылықты жабу үшін салық төлеушілерге 12,1 трлн. сум көлеміндегі қосымша құн салығының сомалары қайтарылған. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін «көлеңкеден» шығару және заңдастыру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде есеп беру кезеңі аяғында қосылған құн салығы төлеушілер саны 230,4 мыңды құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 7,7 мыңға немесе 3,4 пайызға өскен.
Талқылау барысында депутаттар тарапынан “Кембағалдықтан әл-ауқаттылыққа қарай” бағдарламасы аясында “ауыр” санатқа енгізілген 205 махаллада жалпы құны 326 миллиард сум 247 жоба жеңімпаз болғанының нәтижесінде, 114 ішкі жолды жөндеу, 73 мектеп пен 24 медициналық емдеу мекемесін жөндеу және жабдықтау сияқты жобаларға қаржы бөлінгені оң бағаланды.
Депутаттар қол жеткізген нәтижелермен бірге, кейбір қате мен кемшіліктерге жол берілгеніне де сыни баға беріп, пікірлерін білдірді.
Мәжілісте жергілікті мемлекеттік билік органдары лауазымды тұлғалардың атқару тәртібін арттыру, Мемлекет бюджетінің және мемлекеттік мақсатты қорлары бюджеттерінің алдағы кезеңде дер кезінде сапалы атқарылуына депутаттық бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.
Қызу сұрақ-жауаптардан кейін депутаттар Мемлекет бюджетінің және мемлекеттік мақсатты қорлары бюджетінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылуы туралы есеп бойынша тиісті қаулы қабылдады.








