Атап өткендей, бұл заң жобасы бағалы металдар мен асыл тастардың, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың және басқа да заттардың заңсыз айналымын азайтуға бағытталған. Заң жобасымен бағалы металдардан жасалған жартылай дайын зергерлерлік бұйымдарды Өзбекстан Республикасы кеден аумағынан шетелге шығаруда  Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік түпнұсқалық деңгейін бақылау жөніндегі инспекциясының қорытындысын алу көзделуде.

Сондай-ақ зергерлік бұйымдарды өндірушілерге 2029 жылдың 1 февралына дейін бірқатар жеңілдіктер беру жоспарлануда. Яғни, олар жасайтын жұмыс орнына байланысты сатып алынатын бағалы металдар мен алтынның бағасына жеңілдік (1%-дан 4%-ға дейін) қарастырылған.

Тек 2025 жылдың өзінде зергерлік саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4 есеге жуық өсті. Дайын зергерлік бұйымдардың экспорты 5,1 тоннаға өсті. Немесе 439 миллион долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 есеге өскен.

Заң жобасының қабылдануы бағалы металдар мен асыл тастардың айналымда болуы саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге, жергілікті зергерлік өнеркәсібін дамытуға, заңды қызметпен айналысатын жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға қызмет етеді.