Патрульдік-пост қызметі мен профилактикалық инспекторларға қосымша өкілеттіктер берілуі мүмкін

    Ел назарында 16 Iyul 2025 1631

    Олий Мәжілістің Заң шығару палатасының кезектегі мәжілісінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстардың алдын алуға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

    Соңғы жылдары елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны атап өтілді.

    Сонымен қатар, криминоген жағдайы ауыр мақаллаларда жағдайды тұрақтандыру және қылмыстарды алдын ала профилактика жасау мақсатында махалла құқықтық-тәртіп орындары қызметін жетілдіріліп, профилактикалық бас және кіші инсфекторы лауазымы енгізілген. Алайда, ішкі істер органдары жүйесіндегі істерді қарау және шараларды қолдану өкілеті тек махалладағы профилактикалық инсфекторларға беріліп, мұндай өкілет құқық-тәртіп орындарындағы бас және кіші инспекторларға белмеген.

    Сондықтан осы заң жобасымен құқық-тәртіп орындарындағы аталған инспекторларға әкімшілік істерді қарауға және шараларды қабылдауға өкілеттік берілуде.

    Сонымен қатар, қазіргі уақытта ішкі істер органдарының патрульдік-пост қызметі инспекторларына анықталған кейбір құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімдеу өкілеті берілген болса да, осы әкімшілік хаттамалар туралы шараларды қолдану өкілеті жүйесіндегі басқа лауазымды тұлғаларға, сонымен қатар іс жүктемесі үлкен болған аудандық (қалалық) ішкі істері бөлімнің басшылары мен орынбасарлары, транспортта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімдерінің бастықтары мен профилактикалық инспекторларына жүктелген.

    Бұл белгілі бір істер бойынша қаулы қабылдауда азаматтардың артықша уақытын алуға себеп болуда. Сондықтан да бұл заң жобасы патрульдік-пост қызметінің лауазымды тұлғалары тарапынан жасалған әкімшілік хаттамаларды олардың басшылығына қарауға өкілеттік берілуде.

    Осы заң жобасы махаллалардағы криминоген жағдайды тұрақтандыруға, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауғадағы істердің тиімділігін арттыру көзделуде.

    Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates