24-25 август күндері жалпыхалықтық қайырымдылық асары өтеді

    Ел назарында 20 Avgust 2024 1922

    Үкіметтің тиісті қаулысымен елімізде Тәуелсіздік күні қарсаңында 24-25 август күндері (сенбі және жексенбі) жалпыхалықтық қайырымдылық асары өтеді.

    Бұл туралы Өзбекстан махаллалар бірлестігі хабарлады.

    Бұл жалпыхалықтық қайырымдылық асары ауданды, елді мекендерді, даңғылдарды, саябақтарды, киелі орындарды, зираттарды және басқа да жерлерді абаттандыру мақсатында ұйымдастырылады.

    Бұдан тыс, бұл күндері әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрғындарға түрлі көмектер көрсетіледі.