21 август — жалпыхалықтық абаттандыру қайырымдылық асары күні деп белгіленді

    Ел назарында 18 Avgust 2021 616

    Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің тиісті жарлығы негізінде, 2021 жыдың август айы “Махаллаларды абаттандыру” айлығы және 21 август — жалпыхалықтық абаттандыру қайырымдылық асары күні деп белгіленді.

    “Жаңа Өзбекстанда еркін әрі әл-ауқатты жасайық” ұранымен өткізілуі жоспарланып жатқан осы қайырымдылық бастама аясында:

    ▫️ махаллалар;
    ▫️ тұрғындар жасайтын үйлер;
    ▫️ көппәтерлі үйлердің айналасы;
    ▫️ гүлзар және аллеялар;
    ▫️ зиярат және қорымдар;
    ▫️көше және балалар алаңдарында кең абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

    Сонымен қатар, табысы аз, әлеуметтік қорғауға мұқтаж, бағушысын жоғалтқан жанұялар, жалғыз басты және мүгедегі бар жерлестеріміздің жағдайынан хабар алу, олардың тұрмыс жағдайынан жақсартып, үйлерін жөндеуге көмек беріледі.