Бетпе-бет формасында өтетін іс-шараларға ТМД ПА-ға қатысушы мемлекет парламенттері делегацияларының жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысады.
27 октябрьде Ассамблеяның мәдениет, ақпарат, туризм және спорт, аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология, саяси мәселелер мен халықаралық ынтымақтастық бойынша тұрақты комиссиялардың мәжілісі өтеді.
Сол күні Достастық елдері парламенттерінің жас депутаттары ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің Жастар парламентаралық ассамблеясы мәжілісінде бас қосады.
27 октябрь ТМД ПА Кеңесінің мәжілісі өтеді. Парламенттік делегациялардың басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды, 2022 жылы өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін қорытындылайды, сондай-ақ ТМД аймағындағы сайлау компанияларының мониторингі туралы ақпаратты тыңдайды.
28 октябрьде ТМД ПА-ның 54- жалпы мәжілісі өтеді. Парламент мүшелері сайлау тақырыбындағы көптеген үлгілі заңдарды қарастыруы жоспарланған. Сонымен қатар депутаттар мен сенаторларға бірқатар басқа заң жобалары да ұсынылады, олар кейіннен Достастық елдерінің ұлттық заңдылығында қолданылуы мүмкін.
Сессияның негізгі шаралары қарсаңында 25 октябрьде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Байланыс саласындағы аумақтық достастық Сарапшылар кеңесінің мәжілісі өтеді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.