Ағымдағы жылдың 27-30 июль күндері жауатын жауын-шашынға байланысты республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында, сонымен қатар:
— Қашқадария облысы: Яккабоғ, Дехканабад, Шырақшы, Китаб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузор аудандарында;
— Сұрхандария облысы: Сариосия, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шерабад, Шоршы, Құмқорған, Музробот аудандарында;
— Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш, Янгиабад аудандарында;
— Ташкент облысы: Ахангаран, Бостандық, Паркент, Піскент, Орташыршық, Жоғарышыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;
— Наманган облысы: Поп, Косонсай, Чартоқ, Чуст, Наманган, Жаңақорған аудандарында;
— Ферғана облысы: Сух, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандарында;
— Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалакұдық, Қорғантепа, Пахтаабад, Ізбасқан, Хожаабад, Мархамат аудандары мен Ханабад қаласында сел-су тасқыны болуы мүмкін.
Тау бөктерінде және таулы аймақтарда тұратын азаматтардан, демалушылар мен таулы аймақтарда жүріп жатқан көлік жүргізушілерінен сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.