Орталық Азия мемлекеттері делегацияларына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді, Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддинов, Түрікменстан  Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Қырғызстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев басшылық жасады. Шарада Америка тарапынан АҚШ Президентінің Ішкі қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Элизабет Шервуд-Рендалл қатысты.

“5+1” форматы аясындағы ынтымақтастықтың ділгірліктері талқыланды, халықаралық саясат және аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір бөлісті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.