Ғалымдар жаңа мәліметтер жинаған сайын аспан денесінің Жерге ең жақын келу уақытына қатысты есептеулерді барған сайын нақтылап жатыр.

Соңғы астрономиялық есептеулерге сәйкес, 2029 жылғы 13 сәуірде Жер тұрғындарының шамамен 90%-ы (яғни 7,6 миллиардқа жуық адам) Апофисті ешқандай оптикалық құралсыз-ақ көре алады. Аспан денесі түнгі аспанда жарқын нүкте ретінде байқалады. Ол шамамен 60 секунд ішінде толық Айдың диаметріне тең қашықтықты жүріп өтеді.

Алайда астероидтың көрінуі Жердегі ауа райы жағдайларына, атап айтқанда бұлттылық деңгейі мен жарық мөлшеріне байланысты болады.

2029 жылы Апофис Жер бетінен 32 мың шақырым қашықтықтан өтеді. Бұл геостационарлық жерсеріктердің орбитасынан да жақын, деп хабарлайды mir24.tv.

Аспан денесінің диаметрі шамамен 375 метрді құрайды. Space.com мәліметінше, бұл шамамен 40 қабатты ғимараттың биіктігіне тең.