8-10 ноябрь күндері Ташкент қаласындағы кейбір автобус бағыттары өзгереді

    Көлік 7 Noyabr 2023 1238

    Үстіміздегі жылдың 8-10 ноябрь күндері Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-саммиті өтеді. Саммит аясында кейбір жол тармақтарында автокөлік қозғалысының шектелуіне байланысты автобус бағыттарының қызметіне өзгерістер енгізіледі.

    Бұл туралы Транспорт министрлігі «Тошшахартрансхизмат» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

    Ислам Каримов көшесінің Фурқат көшесінен Алмазор көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін толығымен жабылатындықтан, осы мекенжай арқылы өтетін 51-санды бағыттың қозғалысы И.Каримов көшесінен Афросияб, Бесағаш, Фурқат көшелері арқылы уақытша өзгертілетіні атап өтілді.

    Сондай-ақ 141-санды маршрут Қараташ көшесінен Фурқат, А.Науаи, Алмазор көшелері арқылы, 196-санды маршрут Афросияб көшесінен Бесағаш, Фурқат, А.Науаи көшелері арқылы, келесі қозғалысы өз бағыты бойынша ұйымдастырылады.

    Шараға қатысушылардың белгіленген бағыттарға қозғалысы кезінде кейбір көшелерде автокөлік қозғалысын уақытша шектеуге байланысты, төмендегі бағыттарда аралық интервал уақыты мен қатынау уақыттың созылу жағдайлары болуы мүмкін:

    Бабыр көшесі арқылы жүретін 11, 40, 45, 47, 67, 76, 77, 94-санды автобус бағыттары;

    Нөкіс көшесі арқылы жүретін 2, 12, 80, 81, 97, 127, 196-санды бағыттарда;

    Ойбек көшесімен жүретін 57, 67-санды бағыттарда;

    Афросияб көшесі арқылы жүретін 13, 196-санды бағыттарда;

    Ш.Рашидов көшесі арқылы өтетін 30, 37, 57, 85, 97, 140-санды бағыттарда;

    И.Каримов көшесі арқылы өтетін 1, 19, 21, 51, 60, 67, 85-санды бағыттарда;

    А.Науаи көшесі арқылы өтетін 28, 30, 37, 44, 46, 57, 68, 78, 89, 91, 97, 115, 140-санды бағыттарда.

    Қоғамдық көлікті ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескере отырып, Халықаралық әуежайға баруды жоспарлап отырған жерлестерімізге уақытын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз және туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

    Қажет болған жағдайда жолаушыларды тасымалдаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бағыттардың қозғалысына қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз.