Қауіпті оқиғадан кейін алпыс жылдан астам уақыт өткен соң, рюкзак пен оның ішіндегі заттар иесіне қайтарылды. Бұл туралы vokrugsveta.ru хабарлады.

Қазір әлгі альпинист 86 жаста. Оның 1963 жылдан бері мұздықта жатқан заттары табылып, ұлы арқылы өзіне жеткізілгенін The Guardian басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, биыл шілде айында тағы бір турист Австрияның Тироль аймағына қарасты Зульцталфернер мұздығында ерекше олжаға тап болған. Теңіз деңгейінен шамамен 2955 метр биіктікте ол өткен дәуірден сыр шертетін ескі рюкзак тауып алған. Оның ішінен мұз ойғыш, фотоаппарат, түтікше және 1950–1960 жылдарға тиесілі деп болжанған басқа да заттар шыққан.

Австрия полициясы табылған рюкзакқа қызығушылық танытты. Құқық қорғау органдары оның кімге тиесілі екенін анықтауға кірісті. Алайда бұл оңайға соқпады. Себебі рюкзактың ішіндегі құжаттар ондаған жыл бойы мұз астында жатып, дерлік шіріп кеткен еді. Соған қарамастан, сақталып қалған құжаттардың бөліктері арқылы полиция қызметкерлері оның иесінің аты-жөнін анықтап, өзін табуға қол жеткізді.

Рюкзактың 1963 жылдың тамыз айында жоғалғаны белгілі болды. Сол кезде ер адам достарымен бірге мұздықты кесіп өтіп бара жатқан. Бір сәтте ол терең жарыққа құлап кеткен. Бақытымызға орай, альпинистер бір-біріне арқанмен байланып жүрген. Соның арқасында достары оны жарықтан сыртқа алып шыға алған.

Алайда мұз жарығынан шығу мәселенің тек жартысы еді. Салмағын азайтып, өзін қосымша қауіпке ұрындырмау үшін ер адам рюкзагын шешіп, төменге тастап жіберген. Ол өзінің заттарын бір күні қайта көремін деп ойламаған болуы мүмкін.

Рюкзак мұздық қабатының қозғалысы нәтижесінде жер бетіне қайта шыққанға дейін 60 жылдан астам уақыт бойы мұздың астында жатты.

Қазіргі таңда әлгі альпинист тауға өздігінен барып, табылған заттарын алып кетуге жасы мен денсаулығы мүмкіндік бермейді. Сондықтан полиция рюкзак пен оның ішіндегі бұйымдарды альпинистің ұлына тапсырған. Ал ұлы оларды әкесіне жеткізген.