Әділет министрлігінің араласуымен азаматтардың 168 арызы мен өтініші қанағаттандырылды

    Мемлекетімізде Әділет министрлігі және оның төменгі буындары заң құжаттарын бірдей қолдануда, сондай-ақ адам құқықтары мен еркіндігін тиімді қорғау үшін бірыңғай мемлекеттік құқықтық саясатты жүргізеді.

    Атап айтқанда, азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғауда облыстар мен аудандық, қалалық әділет бөлімшелерінде нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қазірде мыңдаған адамның өтініштері әділет бөлімшелерінде тез әрі оң шешімін табуда.

    Қоқан қаласында жасайтын Исроил Назаров коммуналдық сала өкілдерімен ай сайынғы төлем мәселесінде өзара келіспеушілік салдарынан оның отбасымен проблемалар туындады. Мәселе мынада, бұл пәтердің су есептегіш құралының жарамды немесе жарамсыз болған, сол себепті оған салынған айыппұлға өкілетті органдар құқықтық баға беруге қажет еді. Туыстарының кеңесімен ол Қоқан қалалық әділет басқармасына арызданады. Оның өтініші дер кезінде заңды түрде қаралды.

    — Пәтеріміздегі су есептегіш құралын жауапты ұйымдардың өздері орнатқан, дейді Исроил Назаров. — Біраз уақыттан кейін жауаптылар есептегіштің жұмыс істемейтінін айтып, маған айыппұл салды. Содан соң әділдікке жүгіндім. Береке тапсын, ​​заңды түрде бұзылған құқығымды тіктеді.

    Ағымдағы жылдың басынан бері Қоқан қалалық Әділет басқармасына Исроил Назаров сынды әділет іздеген азаматтардан барлығы 238 өтініш пен арыз түскен. Маңыздылығы сол, бұл мәселелердің 86 пайызы шешімін тапқан.

    Даңғара ауданының тұрғыны Саяра Нишонова мектепте жастар жетекшісі қызметін атқарған. Ол жұмыс орнының қысқаруына байланысты жұмыссыз қалды. Алайда, заң тәртібіне орай, жоғары білімді педагог болған бұл қызметкерге мектеп әкімшілігі жұмыс беру керек еді. Бірақ олай болмады. Саяра әділдік іздеген әріптестерінің кеңесі бойынша Данғара аудандық әділет бөліміне жүгінді.

    – Мектебімізде 13 орта арнаулы білімді педагог қызметкер бар, – дейді Саяра Нишонова. – Жұмыс орным қысқартылғанымен қолданыстағы заңдылққа сәйкес, мен жоғары білімді педагог болғандықтан, маған сабақ сағаттарын беру керек еді . Бірақ олай болмады. Содан соң заңгер достарымның кеңесімен аудандық әділет басқармасына жүгіндім. Қазір өзім жұмыс істейтін мектепте оқушыларға сабақ беремін. Мен құқығымның тіктелгеніне өте қуаныштымын.

    Ағымдағы жылдың басынан бері Ферғана облыстық әділет басқармаларына жалпы 4 мың 680 өтініш түсіп, оның 3 мың 642-сі қанағаттандырылды. 769 өтініш берушіге құқықтық түсіндірулер берілді. Бір айта кетерлігі, келіп түскен өтініштердің 2 мың 355-і жеке қабылдау кезінде, 1446-ы жер-жерлердегі көшпелі үдерісте жолданған.

    Элёржон Эксанов,

    Ферғана облыстық әділет басқармасы

    қоғаммен байланыс бойынша жетекші кеңесші.