Әділет министрі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері Кеңесінің он алтыншы мәжлісіне қатысты

    Ағымдағы жылдың 30 июнінде Санкт-Петербург қаласында халықаралық заңды конференциясы аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері Кеңесінің он алтыншы мәжілісі өтті. Оған еліміздің атынан Өзбекстан Республикасының Әділет министрі Русланбек Давлетов қатысты.

    Мәлімет үшін: Әділет министрлері Кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекет басшылары Кеңесінің және Мемлекеттік Үкімет басшылары кеңесінің органы саналып, өз өкілеті аясындағы мәселелер, сондай-ақ әділет министрліктерімен ынтымақтастық жасау, ТМД қатысушы мемлекеттердің заңдылығын үйлестіру, қатысушы мемлекеттердің құқықтық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру сияқты және тағы басқа мәселелермен шұғылданады.

    Кеңес мүшелеріне Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының Әділет министрлері кіреді. Кеңеске Өзбекстан 2019 жылы мүше болған.

    Мәжілістің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – мемлекеттік құқықтық саясатты жүзеге асыруда және қатысушы елдердегі құқықтық реформаларда әділет министрліктерінің рөлі тақырыбы болды. Конференция барысында министрліктер басшылары адвокаттық қызмет саласындағы өзекті мәселелерді және сот сараптамасы саласын дамыту тенденцияларын да талқылады.

    Атап айтқанда, әділет министрі Р. Давлетов осы бағыттарда елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға тоқталды. Мұнда министр құқықтық базаны жүйелендіру мен цифрландыруға, құқықтық (сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы және гендерлік-құқықтық) сараптаманың заманалық әдістері, нормалау әсерін бағалау, нормалау мәселелері бойынша қаулылар қабылдаудың ашықтығына, құқықтық мәдениетті жетілдіруге назар аударды.

    Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігіне бірқатар мәселелердің жүктелгені атап өтілді. Біріншіден, мемлекеттік басқарудағы функционалды-ұйымдастырушылық құрылымды оңтайландыру, министрліктер мен кеңселерді құру мен тоқтатудың нақты тәртібін жасау, олардың құрамы мен штаттарына қойылатын талаптар.

    Екіншіден, сыбайлас жемқорлықты азайту мүмкіндігін беретін аксилбюрократияландыру және дискрекциондық өкілетті жою.

    Үшіншіден, Мемлекеттік басқаруды аксилорталықтандыру, сонымен қатар мемлекеттік функцияларды жеке секторға өткізу.

    Бұдан тыс, Р.Давлетов мемлекеттік қызмет көрсету туралы айрықша айтып өтті. Онда бизнес- үдерістерді жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

    Атап айтқанда, алдағы бес жылда көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің саны жылына 22 миллионға дейін ұлғайтылатынын хабарлады.

    Бұл ретте адвокатураны реформалау және сот сараптамасы саласын дамыту мәселелеріне назар аударылды.

    ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің 17-мәжілісін 2023 жылы Тәжікстан Республикасында өткізуге келісіп алды.

    Мәжіліс ашық, достық және өзара сенім рухында өтті. Оның қорытындылары бойынша тиісті қаулылар қабылданды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates