Әділет министрі Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының басшылығымен кездесті

    Үстіміздегі жылдың 31 майында Гаага қаласында Өзбекстан Республикасының Әділет министрі Русланбек Давлетов Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының Бас хатшысы Кристоф Бернасконимен кездесті.

    Кездесу Өзбекстан делегациясының Дүниежүзілік әділетті соттау форумына қатысу үшін Гаагаға (Нидерланды) сапары аясында өтті.

    Анықтама үшін: Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясы (ХЖҚГК) – 1893 жылы халықаралық жеке құқық «нормаларын дәйекті түрде унификациялауға» жәрдемдесу мақсатында құрылған халықаралық ұйым. Өзбекстан осы ұйымға ресми түрде 2020 жылдың март айында мүше болды.

    Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы қатысушысы болып табылатын осы ұйымның конвенцияларын жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

    Айта кетейік, Өзбекстан (ХЖҚГК) аясында үш конвенция: 1954 жылғы Азаматтық үдерісі мәселелері бойынша конвенция, 1961 жылғы Шетелдік ресми құжаттарды ырықтандыру талабын жою туралы конвенция және 1980 жылғы Халықаралық балаларды ұрлаудың азаматтық-құқықтық жағдайы туралы конвенцияның қатысушысы саналады.

    Кездесу барысында Әділет министрі Р.Давлетов Өзбекстанның Гаага конференциясына мүше болуы еліміздегі ауқымды өзгерістердің тиімді нәтижесі болып табылатынын, халықаралық құқықтық көмек көрсетудің жеңілдетілгенін атап өтті.

    Сонымен қатар Өзбекстанның осы халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі ретіндегі қызметі, әзірленіп жатқан халықаралық құжаттарда ұлттық мүдделерді көрсетуге мүмкіндік беруде.

    Осы орайда Р.Давлетов миграцияның қарқынды өсіп бара жатқаны, түрлі саладағы азаматтық даулардың көбеюі, оларды тез арада шешуді қажет ететініне назар аударды.

    Өкілетті органдардың жедел әрі тиімді ынтымақтастығына көптеген адамдардың тағдыры байланысты. Осы орайда Гаага конференциясы мен халықаралық құқықтық көмек көрсету саласында тығыз ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екені айтылды.

    Өз кезегінде Гаага конференциясының Бас хатшысы Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді. К.Бернаскони Өзбекстанға сапары барысында өмірдің барлық саласының қарқынды дамып келе жатқанына куә болғанын атап өтті.

    Бас хатшы ХЖҚГК-нің халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау бойынша ұсыныстары жүргізіліп жатқан реформаларда көрініс тапқанын, бұл Өзбекстан басшылығының халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық жүйені одан әрі дамытуда ынтымақтастыққа мүдделілігі мен дайындығын көрсететінін қосымша етті.

    Кездесу соңында тараптар министрліктің ХЖҚГК мен халықаралық жеке құқықтың үстем бағыттарын белгілеу мен дамыту, конвенцияларды одан әрі ратификациялау және тиімді имплементациялауға қаратылған ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігі туралы ортақ пікірге келісті, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates