Ауғанстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық нығайтылады

    Ағымдағы жылдың 2 июлінде Ауғанстан делегациясының Өзбекстан Республикасына сапары аясында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизимен кездесті.

    Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы және біріккен ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын жан-жақты қарастырды.

    Өзара тауар айырбастау көлемін ұлғайту, шекараалды сауда аймақтарының қызметін жандандыру, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты іс-шаралар белгіленді.

    250-ден астам ауғанстандық кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін біріккен бизнес-форум және зергерлік бұйымдар, тоқымашылық, азық-түлік, электротехника, тау-кен өнеркәсібі, көлік-логистика сияқты салаларында жұмыс істейтін 75 ірі Ауғанстан компаниясының өнімдері ұсынылатын «Made in Afghanistan» көрмесін ұйымдастыру мәселелеріде талқыланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрлігімен бірлесіп өткізілетін іс-шаралар екі елдің іскер топтарының арасында өзара ынтымақтастығын айтарлықтай деңгейде жандандыратын, тауар айырбастау көлемін арттырып, өзара мүдделі жаңа бастамаларды бастауға сенім білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates