Аграр саласында кәсіби мамандарды дайындаудағы Кореяның тәжірибесі үйренілуде

    Білім 13 Noyabr 2022 1331

    2022 жылдың 11 ноябрінде Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуда бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауда Оңтүстік Корея тәжірибесі» тақырыбында жиын өтті.

    Кездесуге Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері мен Оңтүстік кореялық маман ғалымдар қатысты.

    Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастықта Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті және Оңтүстік Кореяның Чунгнам Ұлттық университеті арасында «Өзбекстанның ауыл шаруашылығы ортасын жақсарту және кәсіби кадрларды даярлау бойынша» жобасы жүзеге асырылуда. Осы жобаны 2021 жылдың 1 апрелінен 2028 жылдың 31 мартына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Оған орай, елімізде агроөнеркәсіптік ортаны жақсарту, салада кәсіби кадрларды дайындау, осыған байланысты оқу білімін енгізу және аграр саласында сертификаттау жүйесін жарату мен тиімді басқару жүйесі жолға қойылады.

    Мәлімет үшін айта кетсек, жобаны жүзеге асыру барысында Ташкент Мемлекеттік аграрлық университетінде сертификаттау жүйесі енгізіліп, оқу бағдарламаларын әзірлеу, ауыл шаруашылығына білікті мамандарды даярлау, университетте қазіргі күнде пайдаланып келе жатқан зертхана жиһаздарын заманалық талапқа жауап беру бойынша жөндеу, жиһаздау және дамыған елдердің оқу әдебиеттерімен толықтыру сынды маңызды міндеттерді орындау белгіленген, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates