“Карпат” тұқымына қатысты балараның 120 дана құтыға орналастырылған 240 жанұясы әкелініп, ауылшаруашылық кластерінің 34 бөлімшесіне бағу үшін таратылды.
— Ауылшаруашылық кластерінде омарташылық тармағын жолға қоюда балараның “Карпат” тұқымын пайдаландық, — дейді “Сайера фаввораси” жекеменшік кәсіпорны мақта тоқымашылықты өндіру кластерінің омарташылық тармағының маманы Авазбек Қурбонов. — Бұл түрдегі балараның ерекшелігі ерте жасынан нектар және гүл тозаңын жинауға кіріскіштігі болып, құрамында шекер көлемі аз болған нектарды да жақсы игереді және біздің орташа климатқа бейімделгені.
Омарташылық — мол табыс әкелетін сала саналады. Аталмыш кластер жүйесінің жұмысшылары тарапынан бағылған баларалардан минималды көрсеткіште, яғни әрбір балара жанұясынан 10 килограмнан бал алынғанда да 240 жанұядан екі тонна төрт жүз килограмм бал алуға қол жеткізіледі. Бал өнімдерінің базарлардағы бағасына қарағанда едәуір арзан, яғни бір килограмм балды 50 немесе 60 мың сумнан сатуға шығарғанда да материалдық табыс 120 миллионнан немесе 144 миллионнан да асуы мүмкін.Сондай-ақ баларадан бір жылда екі рет бал алынуын есепке алсақ, аталмыш табыс бұдан да асуы мүмкін.Өз орнында ұйымдастырылған омарташылық тармағы тек ауыл шаруашылығы кластері жүйесінде еңбек етіп жатқан жұмысшылардың табысын асырып қана қоймай, еліміз базарларында ауыз үйіретін, таза әрі табиғи бал өнімдерінің арзан болуына үлесін қосады.Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы кластерінің барлық бөлімшелері қарамағындағы барлық дала қосындарында балара бағу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, кластер мүшелері тарапынан омарташылық істері ойдағыдай жүргізілуде.
Илхомжон ТОЖИБОЕВ, Әндіжан облысы, Бостан ауданындағы мақта тоқымашылық өндіру кластерінің баспасөз қызметінің қызметкері.