Кездесуде Қытай корпорациясының өкілдеріне Өзбекстанда былғары-аяқ киім өнеркәсібін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жасалып жатқан жағдайлар мен жеңілдіктер туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Өз кезегінде, шетелдік қонақтар Alibaba платформасының мүмкіндіктері туралы тұсаукесер өткізді. Сондай-ақ Alibaba.com сайтында компанияларды тіркеу туралы толық ақпарат берді.
Alibaba Group корпорациясының ТМД елдері бойынша менеджері Мария Каданцева Өзбекстан экономикасы бүгінгі таңда Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі екенін, өндірістік және инвестициялық әлеуеті, экспорт көлемі бойынша жоғары нәтиже көрсетіп отырғанын атап өтті. «Осы себептерге байланысты біз Өзбекстанмен ынтымақтастық жасауға мүдделіміз. Онлайн платформамызда дайын былғарыға, былғарыдан жасалған бұйымдарға және аяқ киімге сұраныс артып келеді.Осы түрдегі өнім саудаларына ең ірі алушылар үштігінде АҚШ, Испания және Қытайды көру мүмкін.
Жеткізіп берушілер арасында Қытай мен Өзбекстан көш бастап тұр. Өнімдердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша платформада Өзбекстан үлкен артықшылыққа ие. Өзбекстанның былғары аяқ киім кәсіпорындары біздің платформамызда ең жақсы сату нәтижелеріне қол жеткізеді деп үміттенеміз».
Алдын ала есеп-қисаптарға орай, Өзбекстанның былғары аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындарының танымал онлайн сауда алаңына кіруі экспорт көлемін қосымша 50-80 миллион долларға арттырады. Аяқ киім, былғарыдан жасалған бұйымдар, елтіріден жасалған киімдер экспорт географиясын кеңейтеді. Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының 190-ға жуық шет мемлекеттердің тұтынушыларымен тікелей сауда байланысын орнатуға қызмет көрсетеді.
Сонымен бірге, Alibaba.com Өзбекстанның былғары-аяқ және елтірі кәсіпорындарының тізімін жасау, олардың өнімдерін орналастыра бастады. Alibaba Group мамандары өзбекстандық кәсіпкерлеріне платформаны пайдалануда және жұмысты оңтайландыруда техникалық көмек көрсетеді.
Корпорация өкілдерінің айтуынша, Alibaba Group Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігіне қарасты экспортты ынталандру агенттігімен келісе отырып, жыл соңына дейін субсидия бөлу бойынша тағы 100 квота бөледі, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.