«All Nippon Airlines» Жапониядан Өзбекстанның тарихи қалаларына рейстер ашуды жоспарлап отыр

    Өзбекстан делегациясының Жапонияға сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «All Nippon Airlines» (ANA) авиакомпаниясының вице-президенті Жуничиро Миягавамен келіссөздер жүргізді.

    Өзбекстанның Жапониядағы елшілігінің көмегімен ұйымдастырылған кездесуде Жапониядан еліміздің тарихи қалаларына тікелей әуе қатынасын ашу, елімізге келетін жапониялық туристерінің ағынын арттыру және туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Жапон тарапына Өзбекстанның бай туристік әлеуеті және мемлекет басшысының жетекшілігімен салада жүзеге асырылып жатқан түбегейлі реформалар, сондай-ақ азаматтық авиация базарын ырықтандыруға қатысты іс-шаралар, еліміздің аумағындағы әуежайларда ашық аспан режимінің енгізілуі, қызмет көрсету саласындағы жеңілдіктер туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Самарқант қаласындағы жаңа заманауи әуежай терминалы мен «Silk Road Samarkand» туристік орталығы қызметінің жолға қойылуына ерекше назар аударылды.

    Жуничиро Миягава өз кезегінде, Өзбекстан жапониялық туристер үшін тартымды ел екенін атап өтіп, Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен жүргізілген реформалардың арқасында жапондық туристердің еліміздің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

    2022 жылдың 4 авгусынан бастап «Uzbekistan airways» АҚ тарапынан «Ташкент-Токио-Ташкент» әуе қатынауларды дамытуда тыөыз ынтымақтастықты жолға қойғанын ескеріп, ANA авиакомпаниясының Жапониядан Өзбекстанның туризм қалаларына (Самарқант, Бұхара, Үргеніш) әуе рейстерін қоюды ұсынды.

    Келіссөздер соңында Жапония туристік агенттіктер қауымдастығының (JATA) қолдауымен Жапонияда Өзбекстанның туристік әлеуетін насхаттауға қатысты промо-шаралар өткізу, күншығар елдің туркомпаниялары мен БАҚ өкілдерінің қатысуында инфо-тур ұйымдастыру бойынша келісілді.

    Сонымен қатар Өзбекстанның көлік логистикасымен, атап айтқанда, Самарқант қаласындағы жаңа әуежай инфрақұрылымымен танысу және тиісті ұйымдардың басшыларымен мекендік келіссөздер жүргізу мақсатында «ANA» авиакомпаниясы басшылығының сапары жоспарланды. Сонымен қатар, «All Nippon Airlines» компаниясының Токио мен Осака қалаларынан Самарқант қаласына чартерлік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелеріне келісілді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates