Әмудария ауданында халықты ауызсумен қамтамасыз ету 80 пайызға жеткізіледі

    Ел назарында 27 Dekabr 2021 3313

    Әмудария ауданы әкімдігінің шағын мәжіліс залында халықты ауызсумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жиын өтті.

    Онда Сенаттың Аграрлық, су шаруашылығы мәселелері мен экология комитетінің төрағасы Баходир Таджиев, Азия даму банкінің «Өзбекстанның батыс бөлігінде ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту» жобасының консультанты, топтың менеджері Юн Бэ Канг, «Қорақалпоқ сув таъминоти» ЖШҚ инвестиция бөлімінің басшысы А.Таджимбетовтер қатысты.

    Жиында Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 апрельдегі ПҚ-4271-санды қаулысына орай 2020-2023 жылдарға Азия даму банкінің қатысуымен «Өзбекстанның батыс бөлігінде ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту» жобасын жүзеге асыру белгіленген.

    Осы жоба аясында Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласы, Беруни, Мойнақ, Қоңырат, Қараөзек және Әмудария аудандары тұрғындарының ауызсумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында Қыпшақ ауыл аумағына тәулігіне 35 мың текше метрлік су тазарту кешенін құру, Қойлық көпір ауылы аумағында жаңа су бөлетін кешеннің құрылысы, Орта қала, Дөрмен, Холымбег ауылдары аумағындағы су бөлетін кешенді қайта жаңғырту, сонымен қатар аудан аумағында 54,3 шақырым магистралдық су желілерін және 236,5 шақырым көше су желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.

    Жиында атап өтілгендей, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде аудан бойынша 160 мыңнан астам тұрғынды ауызсумен қамтамасыз етуді жақсартып, ауданда тұрғындардың ауызсумен қамтамасыз етілу деңгейін 80 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates