Әндіжанда «Digital School» және Инкубациялық орталықтардың мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды

    Білім 7 Aprel 2022 2830

    «Цифрлық Өзбекстан – 2030» стратегиясы аясында облыс көлемінде заманалық ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу, ІТ білімді дамыту, ақпарат технологиялары саласында жастарды кәсіпке даярлау және бағыттау жүйесін жүзеге асыру мақсатында «Andijan digital city» технопарктің IT-академиясында қала және аудандардағы жалпы орта білім беретін метептер негізінде ұйымдастырылған «Digital School» (Цифрлық мектеп) орталықтары мен жоғары оқу орындарындағы Инкубациялық орталықтардың оқытушылары үшін Веб-бағдарламалаудың (HTML, CSS, Python) «Foundation» оқу бағдарламасы бойынша бір айлық біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

    Біліктілікті арттыру бойынша оқу курстары заманалық ІТ бағдарламалық қамтамасыз етуді үйрену және пайдалану мүмкіндігін береді.

    Жобаның басты мақсаты – тыңдаушыларды ақпараттық технология бойынша білімдері мен дағдыларын арттыру, алған білімдерін өндірісте қолдана отырып, жастарды заманалық мамандықтарға баулу. Бұл тағылымдама болашақта облыс орталығына келе алмайтын оқушы жастарды және ЖОО студенттеріне бағдарламалаудың бастапқы білімдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

    Білімін жетілдіру оқу курстарының соңында қатысушылар бағдарлама арқылы жасалған шағын жобаларын ұсынып, ІТ сертификаттарымен марапатталды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.