Хабарға орай, оқиғаға қар тазалайтын техникалардың жүргізушілері де себеп болған: олар артқа қарай қозғалған кезде адамдарды қағып кеткен, олардың өліміне себеп болған. Арканзас пен Техаста бірнеше жасөспірім шанамен сырғанау кезінде қаза тапқан. Демалыс күндері суық ауа райы кезінде Нью-Йорк көшелерінде сегіз адамның мәйіті табылды, олардың өлім себептері тексерілуде. АҚШ бойынша ауа температурасы Цельсий бойынша –12,3 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.
Қолайсыз ауа райы кең көлемді электр қуатының үзілуіне де себеп болғаны хабарланды. Агенттік жергілікті билік мәліметтеріне сүйене отырып, электр желілерін қалпына келтіруге бірнеше күн қажет болады. AP деректеріне орай, осы апта соңында АҚШ-тың шығыс жағалауының кейбір бөліктеріне тағы да күшті қар жаууы мүмкін.
NBC News бұған дейін 23 штатта төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған еді. Қолайсыз ауа райы туралы ескертулер АҚШ-тың 185 миллион тұрғынына әсер етті, 1 миллионнан астам тұтынушы электр мен жылусыз қалды. 25 қаңтар күні ел бойынша 10 мыңнан астам рейс тоқтатылды, деп хабарлады report.az.