10 мартта Энергетика министрлігі Самарқант облысының Нұрабад ауданында жалпы қуаты 100 мегаваттқа тең күн фотоэлектр станциясының құрылыс алаңына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен пресс-тур ұйымдастырды.
Станция 353 гектар жерге салынып жатыр және күн батареяларының жалпы саны 295 мыңнан астамды құрайды. Станция аумағында барлық инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталып, қазіргі уақытта күн батареяларын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кету керек, аталмыш станция мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидалары негізінде Францияның «Total Eren» компаниясы тарапынан құрылды және үстіміздегі жылдың апрель айына дейін іске қосылуы жоспарланған.
Электр станциясы іске қосылғаннан кейін жылына 260 миллион киловатт-сағат электр қуатын өндіріп, 80 мыңнан астам үйді электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Ерекшелігі сол, станцияның іске қосылуы нәтижесінде жылына 78 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге және атмосфераға 100 мың тонна зиянды қалдықтардың шығуына жол берілмейді. Осы үнемделген газ көлемімен еліміздегі тұрғындардың үйлерін бір тәулікке көгілдір отынмен қамтамасыз етуге болады.
Айта кету керек, құрылыс барысында 400 жұмысшы тұрақты жұмыспен қамтылып, станция іске қосылғанда 25 жаңа жұмыс орны ашылады.
Құны 100 миллион долларды құрайтын жобаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары негізінде жүз пайыз инвестор («Total Eren» компаниясы) қаржыландырады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бұл станция Өзбекстан тарихындағы қайта тіктелетін энергия көздерінен электр энергиясын өндіретін екінші үлкен күн фотоэлектр станциясы болып табылады және мұндай қуаттылықтағы алғашқы күн фотоэлектр станциясы 2021 жылдың август айында Науаи облысының Кармана ауданында іске қосылған еді.
Ақпарат үшін: 2023 жылдың соңына дейін Самарқант облысының Каттақорған ауданында Біріккен Араб Әмірліктерінің «Masdar» компаниясы қуаттылығы 220 мегаватт болатын облыстағы екінші үлкен күн фотоэлектр станциясын іске қосады.