АҚШ-пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мәселелер талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 7 октябрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов АҚШ-тың Сауда министрі көмекшісінің орынбасары Д.Де Фалькомен кездесті.

    Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кең көлемді екіжақты мәселелерді талқылады.

    Болашақта бірлескен шаралардың ұйымдастырушылық жақтарына ерекше назар аударылды. Олардың негізгілері: бейресми виртуалды сауда диалогын ұйымдастыру және өзара іскерлік миссияларын өткізу. Сондай-ақ, Өзбекстанның халықаралық сутегі бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

    Геология және металлургия, химия, тоқымашылық өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен іс-шаралар талқыланды. Өзбекстан өнімдерінің АҚШ базарларына шығуын кеңейту мүмкіндігін беретін Жеңілдіктер тізімін тіктеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

    Америка тарапы жергілікті кәсіпорындардың халықаралық маркетинг және экспортты диверсификациялау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша Өзбекстанның SABIT бағдарламасына қатысуға техникалық және консалтинг көмек көрсетуге дайын екенін білдірді, бұл “Made in Uzbekistan” ұлттық брендін одан әрі насихаттадлуына қызмет етеді.

    Сонымен қатар Өзбекстанның Коммерциялық құқық және даму бағдарламасындағы (CLDP) қатысуы мәселелері де талқыланды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates