АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі әйелдер мен гендерлік теңдік бойынша істерді жоғары бағалады

    Үстіміздегі жылдың 30 авгусында Олий Мажлис Сенатының Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің төрағасы М.Қадирхонова елімізге сапармен келген АҚШ Мемлекеттік департаментінің Әйелдер істері басқармасын жоспарлау бойынша директоры Кристин Борганьенмен кездесті.

    Кездесуде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық және болашақтағы міндеттер талқыланды.

    Сұхбат барысында қонақ елімізде гендерлік теңдікті, әйелдердің құқықтары мен мүддесін қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан реформалармен жан-жақты таныстырылды.

    Өз кезегінде Қ.Борганьен елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.

    Кездесуде тараптар әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға және болашақта әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара келісімге келді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates