Заң техникумдарына қабылдау 1 августан басталады

    Құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылғы 1 августан 20 августқа дейін (сол күні де) жүргізіледі.

    Әділет министрлігінің ақпарат қызметі хабарлағандай, республикада 14 заң техникумы құрылған. Олардағы мемлекеттік құқықтық қызмет; заң қызметі; сот-құқық қызметі сияқты мамандықтар бойынша кадрлар дайындалады.

    Заң техникумдарына жалпы орта білім беретін (11-сынып) немесе орта арнаулы кәсіптік-техникалық оқу орнын бітіргендер құжат тапсыра алады.

    Оқуға түсу үшін талапкерлердің құжаттары Бірыңғай интербелсенді мемлекеттік қызметтер порталы (my.gov.uz) немесе Мемлекеттік тестілеу орталығының ресми сайты (www.tekhnikum.dtm.uz) арқылы онлайн режимінде қабылданады.

    Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 августан 20 августқа дейін (осы күні де) жүргізіледі.

    Заң техникумына Өзбекстан азаматтарын қабылдау Мемлекеттік тестілеу орталығы өткізетін тест сынақтары арқылы жүзеге асырылады.

    Тест сынақтары тест сынағын тапсыратын пәндер кешені, бағалау өлшемдері, тест тапсырмаларының саны ТМЗУ бакалавриатына кіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес өткізіледі.

    Шетел азаматтары заң техникумдары ұйымдастырған сұхбат нәтижесінде қабылданады.

    Талапкерлер оқуға мемлекеттік тапсырыс, келісімшарт, соның ішінде жүйеленген келісімшарт негізінде қабылданады.

    Оқу мерзімі – 2 жыл.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates