ABC News хабарлауынша, Beechcraft Hawker G-36 ұшағының ұшқышы ұшудан көп өтпей қозғалтқышта ақау бар екенін хабарлаған және әуежайға қайта орала алмай, Браунс-Бридж автомагистраліне қонуға шешім қабылдаған.

Қону кезінде ұшақ бірнеше автокөлікке соғылды.

Гейнсвилл полициясының мәліметіне сәйкес, оқиға салдарынан кемінде төрт адам жарақат алды: ұшақ бортында болған екі адам және автокөліктерде болған екі жүргізуші. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Федералдық авиация басқармасы (FAA) техникалық ақаудың себебін тексеруді бастады, деп хабарлады report.az.