АҚШ-тың жетекші IT компаниялары Өзбекстанды аймақтық IT орталығына айналдыру үшін бірлесіп жұмыс істеуде

    18 майда Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов Америка Құрама Штаттарының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті.

    Кездесуде жастарды жетекші шетелдік компанияларға қашықтықтан қызмет көрсету кәсібіне, яғни аутсорсинг (ВРО және КРО) қызметін көрсетуге үйрету, кейіншелік оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық аумақтарында қашықтықтан қызмет көрсету аутсорсинг (ВРО және КРО) орталықтарының ұйымдастырылғаны айтылды.

    АҚШ-тағы BPO саласындағы әлемдегі жетекші компаниялармен келіссөздер жүргізіп, оларды елімізге тарту әрбір аутсорсинг орталығында жылына кемінде 25 жаңа жұмыс орнын ашуға және аймақтағы ІТ-қызметтердің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

    Кездесу барысында Өзбекстанды аймақтық IT-орталыққа айналдыру, АҚШ-тың жетекші IT компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту, Өзбекстанда IT саласын дамыту, «Цифрлы Узбекистан —2030» стратегиясын жүзеге асыру, халықаралық тәжірибе мен озық трендтерді ескере отырып, “Электронды үкімет” және цифрлы өнеркәсіпті одан әрі дамыту бойынша мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.