«Asian Geographic Magazines» журналының арнайы саны Өзбекстанның бай мәдени мұрасы мен туристік әлеуетіне арналды

    Сингапурдың әмбебап «Asian Geographic Magazines» журналының бас редакторы және «ADEX» жергілікті дайвинг орталығының басшысы Кяу Теттің Өзбекстанға жасаған шығармашылық сапарына арналған арнайы саны жарық көрді.

    Өзбекстанға сапары Кьяу Тет үшін осы көне өлкенің қайталанбас мұрасымен танысуға мүмкіндік берген нағыз жаңалық болғаны атап өтілген. Самарқанның зәулім мұнараларынан бастап Бұхараның тыныш көшелеріне дейін, Ташкенттің түрлі-түсті базарларынан бастап Қызылқұмның тылсым шөлдеріне дейін – ол аралаған әрбір өлке өзінің ерекше атмосферасы мен сұлулығы мен көркемдігіне тәнті болғаны айтылған.

    Сапардан оралған сингапурлық саяхатшы-журналист өзі басшылық жасаған журналдың оқырмандарымен Өзбекстанға жасаған ұмытылмас сапарынан алған әсерімен бөлісуді жөн көрді.

    “Asian Geographic Magazines” журналы 1999 жылы ашылғаннан бері талдау мақалаларымен, қызықты фоторепортаждарымен және жоғары сапалы дизайнымен оқырмандардың назарын аударып келеді. Екі айда бір рет шығатын журналдың 44 елде 300 000-нан астам оқырманы бар.

    Журналда көбіне, Азия туралы түрлі, кейде өте аз зерттелген тақырыптар бойынша материалдар жиі жарияланады. Бұл оқырмандарға континент туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді. Өңірдегі маңызды мәселелерге назар аудару мақсатында басылым өзекті оқиғалар мен проблемаларды қамтып қана қоймай, оның тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттайды, деп хабарлайды «Дунё» AA.

    «Өзбекстан өзінің тамаша сәулеткерлік ескерткіштерімен, әсем пейзаждарымен, қонақжай халқымен оқырмандарда ұмытылмас әсер қалдырды», - деп атап өтті «Asian Geographic Magazines» бас редакторы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates