Ұлттық инвестициялық қорды құруда Templeton Asset Management компаниясымен ынтымақтастық жасайды

    Үстіміздегі жылдың 7 февралында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Сингапурдың Templeton Asset Management компаниясының атқарушы директорымен кездесті.

    Тараптар Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзияевтың 2023 жылғы январь айында Сингапурға сапары барысында қол қойылған біріккен жоба мен келісімдерді жүзеге асыру барысы, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

    Сондай-ақ, Өзбекстанға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға көмектесетін Ұлттық инвестициялық қорды құру барысы қаралды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Franklin Templeton - 1947 жылы Нью-Йорк қаласында құрылған, қазіргі уақытта 9 мыңнан астам қызметкері бар жаһандық нвестициялық компания. Оның басқаруындағы активтері 1,4 триллион доллардан асады. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates