Сұхбатта ең алдымен Сингапур делегациясының өкілдері екі ел басшыларының сапарлары нәтижесінде Өзбекстан мен Сингапур арасындағы достық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілгенін мойындады.
Кездесу барысында парламенттер арасындағы өзара қарым-қатынастар, ғылым мен білім, сауда-экономикалық және мемлекеттік басқару және жоғары білікті кадрларды даярлау мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс жүзіндік ынтымақтастық байланыстары талқыланды.
Сондай-ақ белсенді парламентаралық ынтымақтастық елдеріміз арасындағы барлық деңгейдегі қарым-қатынастарды дамытудың маңызды механизмдерінің бірі болып табылатыны атап өтілді.
Кездесу соңында парламент комитеттері арасында іс жүзіндік ынтымақтастықты жолға қоюға және «достық топтарының» қызметін жеделдетуге келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.