Транспорт министрлігінде өткен жиынның мақсаты – әуе жүктерін тасымалдаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, «Бір терезе» қағидаты негізінде кеңсеаралық ақпарат алмасуды жолға қою арқылы бизнес-үдерістерін жеңілдету көзделген.
Аталған іс-шарада тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері әуе жүк тасымалы саласындағы құжаттарды электронды түрде тіркеуге және қадағалауға арналған «E-freight» халықаралық стандартын енгізу бағытында орын алып отырған проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы пікір алмасты.
Халықаралық әуе көлігі бірлестігі (ИATA) ұсыныстарына сәйкес әуе көлігінде жүктерді электронды ресімдеу мен қадағалаудың «E-freight» стандартын енгізу бизнес-үдерістерді жеңілдетуге, шығындарды азайтуға және ақпарат алмасуды жеделдетуге бағытталған халықаралық желілік бағдарламаның бөлігі болып табылады.
Бұл стандартты енгізудің мақсаты сенімділікті арттыру, жүкті жеткізу уақытын қысқарту, әуе жүктерін тасымалдау кезінде құжаттарды электронды ресмилендіру және қадағалап бару құжаттарын қысқартуға қызмет етеді. Бұдан басқа, ол бақылаушы органдардың ақпараттық қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырады.
Кездесу барысында алдыңғы қатарлы шет елдердегі әуе көлігінде жүк тасымалдауды ресімдеу үдерісінде қолданылатын электронды платформалардың жұмыс қызметі туралы тұсаукеселер мен зерттеулер жүргізілді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.