Өзбекстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық технологиялары көмегімен жасалған жасалған қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі қызметті одан әрі күшейтуге бағытталған іс-шаралар туралы» қаулысы ( ПҚ-153-санды, 30.04.2025 ж) қабылданды.
Қаулыға сәйкес, Ішкі істер министрлігі Өзбекстанда киберқылмыстарға қарсы күресу бағытында уәкілетті орган етіп белгіленді.
Күнделік қызметін ұйымдастырудағы кленттердің мүдделері мен қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету банктердің, төлем жүйесі операторларының және төлем ұйымдарының басым міндеті ретінде көрсетілді.
Сондай-ақ киберқылмысты жасауда өзінің атындағы банк картасы, банктік шотты, SIM картасын, электронды әмиянды пайдалануға жол берген тұлғаларға да әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.
Банктердің, төлем жүйесі операторларының және төлем ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздік талаптарын сақтамау нәтижесінде жасалған киберқылмыс салдарынан болған материалдық залалды олар есебінен өндіру тәртібі енгізіледі.
Қылмыстық заңнамамен ақпараттық технологиялары саласындағы қылмыстар мен ақшалай қаражат пен өзге де мүлікті иемденумен байланысты заңсыз әрекеттер үшін жазаны күшейтеді.
Қылмыс жасауда ақпараттық технологияларды қолдану жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде белгіленді.