Ақпараттық технологиялар барлық салаларда тиімділік пен ыңғайлылыққа қызмет етеді. Сондықтан бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Салада 100-ден астам IT мектеп ашылды. «Бір миллион бағдарламашы» жобасы аясында 500 мыңнан астам жас бағдарламалауды үйренді.
ІТ-парктер құрылғаннан бері саладағы экспорт көлемі 50 есеге өсіп, 40 млн долларға жетті. Тұрғындар саны 147-ден 500-ге дейін артып, 300-ден астам жаңа кәсіпорын ашылды. ІТ-парктерде табысы жоғары 8500 жұмыс орны ашылды.
Осы жұмыстарды жалғастыра отырып, саланың дамуын жаңа деңгейге көтеру жоспарры жасалды. Атап айтқанда, ірі экспорттаушылармен жұмыс істей отырып, ІТ-парктердегі қызмет экспортының көлемін 80 млн долларға дейін арттыру көзделген. ЖІӨ-дегі цифрлық экономиканың үлесін ұлғайтып, электронды қызметтерге жеңілдіктер жасау жоспарлануда.
Мемлекет басшысы келер жылы IT-қызмет көлемін 35 пайызға ұлғайтып, 21 триллион сумға дейін жеткізуге және бағдарламалау қызметін ұлғайтуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Жасанды интеллект орталығын іске қосуды жеделдету, шетелден IT мамандарын тарту тәртібін жеңілдету жөнінде тапсырмалар берілді.
Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігіне келесі жылы ІТ желілерінің жылдамдығын 1,8 есеге арттыру және қосымша 1 миллион кең жолақты желіні орнату тапсырылды. Бұл арқылы барлық елді мекендер ұялы байланыспен және кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіледі.
Президент жаңа технологиялардың ең алдымен халыққа қызмет етіп, қолайлылық туғызу қажеттігін айтты. Соңғы жылдары 300-ден астам мемлекеттік қызмет электронды түрге көшіріліп, осы жылдың өзінде олардан 16 миллион рет пайдаланылды.
Келесі жылы Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызмет үлесі 60%-ға дейін артады.
Бүгінгі презентацияда осыған байланысты тағы бір ыңғайлылық: азамат төлқұжатының цифрлық профилі туралы ақпарат берілді. Gov Pass мобильді қосымшасы смартфонға орнатылады және оның құрамында төлқұжат, диплом, еңбек кітапшасы, жүргізуші куәлігі сияқты көптеген құжаттардың қоры сақталмақ. Яғни, азаматтың барлық құжаттары әрқашан жанында, телефонында болады. Бұл уақыт пен ақшаны үнемдейді, қағазбастылықты азайтады және тәртіпсіздікті жояды.
«Қауіпсіз қала» жүйесін енгізуге ерекше назар аударылып, бұл жүйені 2026 жылға дейін толық енгізу міндеті қойылды.