БАӘ Қарақалпақстанда жердің деградациясына қарсы күресуге көмектеседі

    Жасыл планета 22 Fevral 2024 1135

    Ағымдағы жылдың 21 февралында Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов пен БАӘ Халықаралық биологиялықшорланған ауыл шаруашылығы орталығының (ICBA) бас директоры доктор Тарифа Ал Зааби арасында кездесу өтті.

    Азиз Абдухакимов ICBA-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың болашағын атап өтіп, министрлік жанынан Климат орталығын құру туралы айтты.

    «Экология министрлігіне қарасты Аралбойы аумағы халықаралық инновациялық орталығымен (IICAS) жер деградациясы, Қарақалпақстанда фермерлер әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударып, ынтымақтастығының нығая түскеніне ризамыз. Қарақалпақстандағы негізгі проблемалардың бірі жер деградациясы, климаттың өзгеруі болып, Арал теңізі апаты бұл қауіпті одан әрі күшейтті», - деді министр.

    Кездесуде тараптар Абу-Даби даму қоры мен ICBA-ның Қарақалпақстанда фермерлердің жер деградациясына байланысты экономикалық тоқыраудың алдын алудағы мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталғын «Қарақалпақстанның деградацияланған аумақтарында тұрақты ауыл шаруашылық өндіріс жүйелерін дамыту» біріккен жобасын талқылады.

    Өзбекстан тарапы жоба аясында ГЕН банкін құруға, ауыл шаруашылығы егіндердің құрғақшылыққа және суға төзімді түрлерін жарату бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, жергілікті IICAS қызметкерлері үшін тренингтер жүргізу, зертханаларды заманалық құрал-жабдықтармен және технологиялармен жиһаздауға назар аударды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама ретінде: Жалпы құны 1,09 миллион доллардан асатын бұл жоба Арал теңізі апатының зардаптарын азайтуға және өңірде тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға жасалған қадам болып табылады. Оны жүзеге асыру нәтижесінде Қарақалпақстанда климатқа төзімді, биошор және интеграцияланған модульдік диқаншылық жүйесі енгізіледі.

    Бұл ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға, агробизнесте қосылған құн тізбегін дамыту есебінен 5 мың фермерлік және диқан шаруашылықтарын көбейту, климатқа төзімді дақылдарын жарату және фермерлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін озық басқару тәжірибесі мен кешенді өндіріс моделдерін үйрету, диқан дала мектептерін қалыптастыру мүмкіндігі жаратылады.

    Кездесуде тараптар БҰҰ-ның Дубайдағы COP28 және Самарқанттағы COP14 жаһандық іс-шараларын талқылайды. Министр, сондай-ақ ICBA бас директорын осы жылдың апрель айында өтетін бірінші Самарқант климаттық форумына қатысуға шақырды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates