Банк картасынан ақша ұрлағандарға жауапкершілік белгіленуде

    Қауіпсіздік 29 Avgust 2023 1473

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған сайын оларды жаман ниетте пайдаланушылар да артып, түрлі құқықбұзушылықтар, қылмыстар жасау жағдайлары көбейіп келеді.

    Олий Мажлис Заң шығару палатасының депутаты Зухра Шодиеваның айтуынша, банк шотынан немесе картадан ақша ұрлау сияқты жағдайларға қатысты жауапкершіліктің жоқтығы мұндай әрекеттердің қайталануына жағдай туғызатынын айтты.

    Сондай-ақ ақпаратты жасырын жинауға арналған арнайы құралдардың заманалық түрлері елімізге еркін кіріп келуі және олардың саудасы қарқын алып, әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихатталуына байланысты тұтынушылардың ауқымы кеңейіп келеді.

    Осы арнайы құралдарды қолданудың заңды тәртібінің белгіленбегені жаман ниеттегі тұлғалардың құпия саналатын ақпаратты заңға қайшы түрде жинауына және оларды қылмыстық мақсатта пайдалануына жағдай жасауда.

    Сондықтан «Өзбекстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстеріне және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне қосымшалар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, жоғарыда аталған жағдайларға байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары белгіленуде.

    Аталған заң жобасының қабылдануы болашақта ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалған қылмыстарды әшкерелеуге құқықтық негіз болады.

    Сонымен қатар, ол крипто-активтердің айналымы саласындағы заң құжаттарын бұзу және заңға қайшы түрде жүзеге асыру үшін жауапкерлік белгіленуі және болып жатқан заңсыз жағдайлардың алдын алуға қызмет етеді.