Президент банк қызметіне шетелдік инвестицияларды тарту туралы таныстырылымға қатысты

    Билік 28 Mart 2023 3459

    28 наурызда Президент Шавкат Мирзиёев «Асакабанк» пен «Узсаноатқурилишбанк» капиталына шетелдік инвестицияларды тарту туралы таныстырылымға қатысты.

    Экономиканың өсуінде банк жүйесінің маңызы зор. Республикада осы салада жүргізілген реформалардың нәтижесінде соңғы үш жылда банктердің жалпы несиелерінің көлемі 2 есеге, капитал көлемі 1,6 есеге артты.

    Өзбекстанағы банктер алғаш рет беделді халықаралық кредиттік рейтингтерге ие болды және халықаралық капитал нарықтарында еурооблигацияларды орналастырды. Жеке банктер де көбейді.

    Сондай-ақ Өзбекстанға Венгрия, Қазақстан, Грузия, Түркияның беделді банктері кірді. Ипотекабанкті реформалау нәтижесінде оның капиталына стратегиялық шетелдік инвестор инвестиция салды.

    Осы іс-шараларды жалғастыра отырып «Асакабанк» пен «Узсаноатқурилишбанк» шетелдік инвестиция тарту жоспарлануда. Осы мақсатта халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп аталған банктерге 30 халықаралық білікті маман әкелінді.

    2023 жылы «Узсаноатқурилишбанк» капиталына 125 миллион доллар, «Асакабанкке» 100 миллион доллар тарту жоспарланған. Банктердің операциялық қызметіне заманауи бағдарламалық IT өнімдері мен 100-ден астам жаңа банктік қызмет түрлері енгізіледі.

    Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2027 жылдың қорытындысы бойынша «Узсаноатқурилишбанк» кірісі 1,61 есеге, ал несиелік портфель 1,74 есеге артады. «Асакабанктегі» салымдар 1,71 есе, ал банк активтерінің көлемі 1,72. Ең бастысы, осы және өзге де Өзбекстан банктері халықаралық қаржы нарықтарында сенімге ие болады және олардың қызметіне қатысуға деген шетелдік инвесторлар мен серіктестердің қызығушығы артады.

    Презентацияда осы процеске халықаралық кеңесшілерді шақыру, олардың капиталын ұлғайту және қосымша инвестиция тарту жөнінде тапсырмалар берілді.