Беларусьпен өзара ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімдерге қол жеткізілді

    Бизнес 1 Fevral 2024 783

    Үстіміздегі жылдың 31 январында Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Беларусь Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Леонид Мариничті қабылдады.

    Ағымдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Ташкентте ІІ Аймақаралық Өзбекстан-Беларусь форумын және тағы басқа да ірі іс-шараларды өткізудің ұйымдастырушылық жақтары талқыланды.

    Форумға Беларусьтің 150 жуық аумақ өкілдері мен жетекші өнеркәсіпорындардың басшылары қатысады деп күтілуде. Бағдарлама аясында Өзбекстанның ірі өндіріс орындарына бару, өзбекстандық серктестермен кездесулер өткізу және жаңа, өзара тиімді келісім-шарттар жасау жоспарлануда.

    Форум барысында өзара қарастыру және келісу үшін ұсынылған ірі біріккен жобалардың әлеуеті, сондай-ақ шараны іс жүзіндік мазмұнмен байытуға бағытталған басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

    Кездесу соңында екі ел арасындағы сауда және өнеркәсіптік копперацияның көлемін арттыру аясында өзара ынтымақтастықты жандандыру бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.