Кездесу барысында тараптар өзбек-белорусь ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы жөнінде пікір алысты.
Атап айтқанда, Өзбекстанда арнаулы карьер және ауыл шаруашылығы техникаларын біргелікте өндіруді ұйымдастыру мүмкіндіктері қаралды. Келіссөздер үдерісін жеделдету және жобаны жүзеге асыру бойынша «Жол картасын» бекіту жөніндегі келісімге қол жеткізілді.
Өнеркәсіп кооперациясына және инвестициялық ынтымақтастыққа болашағы зор бағыттар ретінде баса назар аударылды. Осы көзқарас тұрғысынан жобаларны жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Атап айтқанда, «Энергокомплект» компаниясымен Ташкент облысында өткізгішті кабель өнімдер өндіру, «Плонар» компаниясымен диодтар өндіру және бұл салада тәжірибе алмасу, сонымен қатар «Интеграл» компаниясымен микроэлектроника және микрочиптер өндіруді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Келіссөздер барысында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың болашағына да ерекше тоқталды. Тараптар кооперациялау мүмкіндіктерін үйренуге, сонымен қатар терең талдау негізінде біріккен инвестициялық жобаларды жасауға келісті.
Келіссөздер соңында қол жеткізілген келісімдер мен бастамаларды жүзеге асыру бойынша біріккен әрекеттер жоспарын жасауға шешім қабылданды, деп хабарлайды Инвестициялар мен сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.