Бір күнде екі шетелдік компания тіркелді

    Бизнес 28 Dekabr 2021 1096

    Күні кеше Ферғана облысы Алтыарық ауданының Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында шетелдік инвесторлардың қатысуымен екі кәсіпорын тіркелді.

    Шынында да, Алтыарық ауданының диқандары бір іске шындап кіріссе, оны орындамай қоймайтын нағыз еңбекқор.

    Сондықтан да ауданда жеміс-көкөніс өнімдерін экспорттап, қайта өңдеуге ынталы кәсіпкерлер көп.

    Ресми тіркелген Ирак мемлекеті инвесторларының қатысуымен «Saro Rashed Group» жауапкершілігі шектеулі қоғамы жуырда жеміс-көкөністерді өңдеуді бастайды. Кәсіпорында 50-ден астам жергілікті жастар жұмыс істейді.

    Сол күннің өзінде ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме саудамен айналысатын қырғызстандық кәсіпкерлердің қатысуымен «Oltiariq Food City» жауапкершілігі шектеулі қоғамға ресми кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілді. Шетел инвестициясы негізінде мемлекеттік тіркеуден өткен кәсіпорын жақын арада 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашады.

    Мәлімет ретінде, қазіргі таңда Ферғана облысында 81 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Оның 26 ​​мыңға жуығы жеке кәсіпкер, 57-сі заңды кәсіпкер, 294-і шетелдік кәсіпорындардың үлесіне тура келеді.

    МҚА Ферғана облыс басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates